Алматыда арнайы жасақ әккі алаяқ деген күдікпен ер адамды ұстады

Алматыда арнайы жасақ алаяқтық жасады деген күдікпен 1971 жылы туған Ч. есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен 1971 жылы туған Ч. есімді азаматты ұстағанын хабарлайды. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті Наурызбай аудандық ПБ-на жеткізілді, - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы