Алматыда Армениядан жеткізілген 33 көлік тіркелді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев брифинг барысында айтты.
Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін Армения мемлекетінен кірген көліктерді тіркеу басталған болатын. Осы күнге дейін Алматыда 33 көлік тіркелген.
Тіркеуге жататын көліктерге қойылып отырған талап рөлі сол жағында орналасу қажет және тіркеуге қажетті құжаттары керек. Ол көліктерде қызмет көрсету орталығында міндетті түрде қараймыз. Кассаға төлейтін төлемі 12 мың теңгеден аспайды,-деді ол.
Сондай-ақ, ол бұл көліктер алып келген азаматтың атына ғана тіркелетінін айтты.
Алматы қаласының базасына сәйкес қала тұрғындары Армениядан 505 көлік әкелген. Оның ішінде 119 көліктің рөлі оң жағында орналасқан. 88 көлік былтырғы жылдың аяғы мен осы жылдың басында тіркелген. Қазір полиция қызметкерлері көшеде Армениядан жеткізілген көліктерді тоқтатып, оларға арналған арнайы ескертпелерді таратып жатыр. Онда осы көліктерді қалай тіркеуге болатыны, қандай құжаттар керек екені көрсетілген. Одан бөлек, бұл мәселе бойынша колл-орталық ашылды,-деді Жандос Мұратәлиев.
Сөз арасында ол, Армениядан жеткізілген көліктерге сары нөмір берілетінін айтып өтті.
Сары белгі бұл көліктің басқа азаматтарға сатылмайтынын білдіреді. Өзінің тұрғылықты жері бойынша салығын төлеп, Қазақстан ішінде ешқандай шектеусіз жүре береді. Яғни, елімізде тіркеуде тұрады,-деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізетін педагогтарға қосымша ақы беріледі – Райымқұлова
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы