Алматыда араққа сылқия тойып алған еркек ауруханада лаң шығарды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда мас еркек ауруханада төбелес шығарып, полицейлерді балағаттады.

Желіде мас еркектің арауханада төбелес шығарғаны туралы видео тарады. Видеодан ішімдікке сылқия тойып алған ер адамның екі полиция қызметкеріне бой бермей, аурухана күзетшісімен ерегескенін көруге болады. Оған қоса аурухананың кіреберісіндегі орындықтардың жерде құлап жатқанын көруге болады.

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов facebook-тегі парақшасында осы жайтқа қатысты түсінік берді.

27 қыркүйек күні Ш. есімді азамат мас күйінде қалалық жедел жәрдем ауруханасы аумағында заңға қайшы әрекетке барып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Сондай-ақ өзгенің мүлкін қиратты, - деп жазды Әбдірахманов.

Сонымен қатар ол бұл дерек Алмалы аудандық Полиция басқармасында тіркеуге алынып, тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы