15 Қараша 2026, 23:55 Фото: istockphoto.com

Алматыда ақылы интимдік қызмет көрсетті деген күдікпен шетелдік азаматша ұсталды

Қазір оның Қазақстан аумағында болу заңдылығы және көші-қон заңнамасын бұзу-бұзбағаны тексеріліп жатыр.

Алматы қаласының Алмалы ауданында полиция қызметкерлері ақылы интимдік қызмет көрсетілуі мүмкін деген күдікке ілінген екі пәтерді тексерді.

Төле би даңғылындағы үйлердің бірінде притон жұмыс істеуі мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен «Буран-205» патрульдік экипажы ақпаратты растады. Пәтерде болған әйел жеке басын анықтау және құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Екінші тексеру Шевченко көшесінде жүргізілді. Мұнда ақылы интимдік қызмет көрсетті деген күдікпен 31 жастағы шетелдік азаматша ұсталды. Қазір оның Қазақстан аумағында болу заңдылығы және көші-қон заңнамасын бұзу-бұзбағаны тексеріліп жатыр.

Полиция мұндай деректерді анықтау жұмыстарын жалғастыратынын және азаматтардан түскен әрбір хабарлама бойынша тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.