Алматыда ақылы автотұрақтар іске қосылады

Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматы қаласының Медеу ауданындағы автотұрақтарға ақы төлеу жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақылы автотұраққа қою бір сағатқа 100 теңге.

Алматы әкімдігі мәліметінше, тротуар түріндегі автотұрақтар 15 шілдеден 11 қыркүйекке дейін тегін болды. Өйткені ақылы тұрақтардың жаңа бірыңғай операторы – «Алматы паркинг» бағдарламалық қамтамасыз етуге қосылмаған еді.

Медеу ауданында жаңа жаңартылған ақпараттық тақтайшалар бойынша барлығы 12 тұрақ аймағы жұмыс істейді, оның 4 828-і тротуар тұрағы, 360-ы мүгедектерге арналған орын. Ақылы автотұрақтың жұмыс режимі – күн сайын сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін.

Көк базар маңындағы №6547 тұрақ аймағының тарифі сағатына 150 теңге. Автотұрақ үшін төлемді былай жасауға болады:

– «Алматы автотұрақтары» мобильді қосымшасы арқылы минутына. Бұл қосымшаны телефонға Play Market және Apple Store дүкендерінен жүктеуге болады;

– almaty-parking.kz сайты арқылы

– Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ақпараттық тақтадағы QR код бойынша.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы