Алматыда АҚШ үкіметіне жер телімі 49 жылға беріледі

Алматыда консулдық мекеме ғимараттарын салу үшін АҚШ үкіметіне жер телімі беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерді жалға алу келісімі 49 жылға жасалады. 22 қаңтарда бұл туралы тиісті заң жобасы Мәжілістің қарауына енгізілді.

Қаралып жатқан келісімге 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылды. Келісімнің мақсаты – Алматы қаласында АҚШ консулдық мекемесінің ғимаратын салу және пайдалану үшін 70 мың шаршы метрден астам жер телімін АҚШ үкіметіне 49 жылға жалға беру. Келісімде жер телімін беру тәртібі мен шарттары айқындалған, – деді депутат Айгүл Құспан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы