Алматыда АПВ-ға қарсы вакцинаны 7 мыңға жуық қыз алды
Елімізде жыл сайын 1900-ге жуық әйелде жатыр мойны обыры анықталады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.
АПВ-ға қарсы бірінші дозамен барлығы 6 394 қыз вакцинацияланды, оның ішінде 11 жаста – 2 565 және 12-13 жаста – 3829 қыз екпе алды. Вакцинацияланған қыздар арасында екпеден кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген. Елімізде жыл сайын 1900-ге жуық әйелде жатыр мойны обыры анықталады, оның ішінде 600 әйелде қолайсыз нәтиже көрсетіледі, - деді Әсел Қалықова.
Мамандар статистикаға сәйкес, күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болатынын айтып отыр. АПВ-ның 200-ден астам түрі белгілі, олардың 40-тан астамы жыныс аймағына әсер етуі мүмкін және кем дегенде 14-і онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ жігіттері жүрек диагностикасын жақсартуға көмектесетін AI CARD жүйесін ойлап тапты
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары 3 адамды құтқарып эвакуациялады
Өзгелердің жаңалығы