Алматыда АПВ-ға қарсы вакцина қанша қыз балаға салынды
Мегаполистегі оқушы қыздарға АҚШ-тың 4 валентті "Гардасил" вакцинасы салынып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.
Қала бойынша АПВ-ға қарсы бірінші дозамен барлығы 7038 қыз вакцинацияланды, оның ішінде 11 жаста – 2872 және 12-13 жаста – 4166 қыз вакцинацияланды. Вакцинацияланған қыздар арасында екпеден кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген. АПВ-ға қарсы вакцинацияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған, Қазақстан Республикасында тіркелген, 6 ай аралығымен 2 дозадан тұратын АҚШ-тың 4 валентті "Гардасил" вакцинасы қолданылады. Бұл вакцина АПВ 6,11,16 және 18 түрлерінен қорғайды, - деді Әсел Қалықова.
АПВ-ның 200-ден астам түрі белгілі, олардың 40-тан астамы жыныс аймағына әсер етуі мүмкін және кем дегенде 14-і онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.
АПВ қандай жағдайда берілетінін төменнен оқи аласыз:
- АПВ жұқтырған адамдармен жанасу кезінде тұрмыстық байланыс жолы арқылы;
- тері және шырышты қабаттар;
- жыныстық қатынас кезінде;
- босану кезінде анадан балаға АПВ берілуі мүмкін.