8 Сәуір 2025 2025, 14:43 Фото: - Архив

Алматыда АПВ-ға қарсы екпе алған қыздардың саны артты

Қалада адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация жалғасып жатыр, 7571 қыз вакцинаның бірінші дозасын алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалада адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация жалғасып жатыр, 7571 қыз вакцинаның бірінші дозасын алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Вакцинация статистикасы
Алғашқы доза бойынша:
• 11 жастағы қыздар – 3103;
• 12-13 жастағы қыздар – 4468.

Екінші дозамен барлығы 113 қыз вакцинацияланған, олардың ішінде:
• 11 жастағы қыздар – 59;
• 12-13 жастағы қыздар – 54.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова вакцинациядан кейінгі қолайсыз жағдайлардың тіркелмегенін атап өтті.

 Вакцинада тірі вирустар жоқ, инфекцияны тудырмайды және репродуктивті функцияға әсер етпейді! ДДСҰ 9 жастан 14 жасқа дейінгі қыздарды, жыныстық қатынас басталғанға дейін вакцинациялауды ұсынады. Қазіргі уақытта қыз балаларды егу арқылы АПВ онкогендік түрлерінен қорғауға болады. Мектеп немесе емхананың егу кабинетінде жүргізіледі. Ата-аналарға 11 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау ұсынылады. Елімізде жыл сайын 1900 - ге жуық әйелде жатыр мойны обыры анықталады, оның ішінде 600 әйелде қолайсыз нәтиже көрсетіледі, статистикаға сәйкес, күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады,- деді ол.