Алматыда апатты жағдайдан кейін жылу магистралінің жұмысы қалпына келтірілді
Алматы, BAQ.KZ. Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысы арқылы өтетін учаскедегі жылу магистралінің жарылу салдары жойылды. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабаралады.
7 желтоқсанда орын алған апаттан кейін диаметрі 1000 мм құбыр сегментін қалпына келтіру аяқталды. Жылу магистралі сынақтан кейін қайтадан жұмысқа қосылды және берілген режимде жұмыс істеп тұр,-делінген хабарламада.
Жол қозғалысы жолдарын ашу үшін жарылған жер бір тәулік бойы асфальт жабынын қалпына келтіргенге дейін топырақ үстінен арнайы тақталармен жабылды.
Сонымен қатар 7 желтоқсан күні сағат 18.30-дан бастап Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) автокөлік қозғалыс жолдары жартылай ашылды. 8 желтоқсанда таңғы сағат 9-да көлік қозғалыс жолдары толық қалпына келтірілді.
Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өз бетінше іс-қимыл жасамауды және болған оқиға туралы «АлЖЖ» ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне мына телефон: +7 727 3780665 арқылы хабарлауды сұраймыз
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы