Алматыда апатты жағдайдағы 17 мың ағаш кесіледі

Алматы қаласының әкімдігі қауіпті, шіріген және ескі жасыл желектерді уақтылы жою және анықтау үшін тиісті құрылғылар сатып алмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жасыл қорды жаңартуға қаражат Алматы қаласының даму жоспарына сәйкес қарастырылып жатыр. Апатты жағдайдағы кесілген ағаштардың орнына 10 жас ағаш отырғызылады дейді мамандар.

Биыл, мысалы, қала тұрғындары мен олардың мүлкінің қауіпсіздігі үшін 17 мыңға жуық ағаш кесіледі. Өзегінің және тамырының шіруі салдарынан олар кез келген уақытта өтіп бара жатқан адамдарға құлап кетуі мүмкін. Бірінші кезекте балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелердің жанындағы магистральдық көшелерге қызмет көрсетіледі. Ағаштарды кесу тізімі қалалық экология және қоршаған орта басқармасымен келісе отырып, сондай-ақ тұрғындар мен қоғам белсенділерінің өтінімдері бойынша жасалады, – дейді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев.

Сессия барысында биыл апатты ағаштарды кесу жұмыстарына 35-тен астам техника – автокөтергіштер, самосвалдар және 180-ден астам адам жұмылдырылғаны айтылды. Қауіпті ағаштарды анықтау кезінде институттардың ғылыми қызметкерлерін тарта отырып, талдау жүргізілген. 

Айта кетейік, резистограф құрылғысы ағаштардағы шіріген жерін және ішкі ойықтарын анықтай алады. Ал импульстік томограф тамыр жүйесінің зақымдануын және ағаштың нақты күйі мен өміршеңдігін анықтайды. Құрылғылар апатты ағаштарды кесу процесінде өте тиімді. Бұл кейіннен қаладағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымы мен азаматтардың мүлкіне зиян келтірмеуге ықпал етеді, – дейді Серік Әділбаев.

Осыған дейін мәлім еткеніміздей, қалада қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттағаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы