Алматының жаңа оқу жылына дайындығы белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқарма басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифинг өткізіп, жаңа оқу жылына дайындық қалай жүріп жатқанын баяндады.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып балалар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау және қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап балаларды қашықтан оқыту жөнінде шешім қабылданғаны белгілі. Қаіргі таңда Алматы қаласы Білім басқармасы дайындық жұмыстарын бірнеше бағыт бойынша жүргізуде.
Біріншіден, қашықтан оқытуға балалардың техникалық дайындығын қамтамасыз ету қолға алынды. Осы мақсатта балалардың және мұғалімдердің компьютер техникасымен қамтылуын анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Оның нәтижесінде 75 мыңнан астам баланың және 2 мыңнан астам мұғалімді компьютермен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселені шешу үшін жұмыстар ұйымдастырылды, - деді ол. 
Сонымен қатар ол қашықтан оқыту форматында жұмыс істеуге мұғалімдерді дайындау жүргізіліп жатықанын жеткізді.
Одан бөлек балаларды және мұғалімдерді интернет желісімен қамту бойынша да жұмыс жүргізілуде. Жалпы жаңа оқу жылына дайындық жұмысы жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған, - деді Жұманов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы