Алматыда қанша медицина қызметкері коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда COVID-19 анықталған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218 адамдады құрайды. Оның 182-і Орталық қалалық клиниканың қызметкері. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгін Алматыда коронавирустың расталған 370 жағдайы тіркелген. Оның 6-уы бала және 3 жүкті әйел бар.
Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 182 адамға жетіп отыр. Ауруханада емделіп жатқан науқастардың бәрінен коронавирусқа қарсы анализ алынды. 18 науқастың талдауынан оң нәтиже анықталған. COVID-19 анықталған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218 адамдады құрайды. Балалар қалалық клиникалық жұқпалы ауруханасының 30 қызметкері, жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясының 2 қызметкері, №1 клиникалық қалалық аурухананың 1 қызметкері және 11, 32 қалалық емханаларының 1 қызметкерден бар,-деді ол.
Сондай-ақ , ол қаланың стационарларында коронавиурстық инфекциядан 311 адам емделіп жатқанын айтты. 58 адам сауығып, ауруханадан шығарылған. Оның ішінде 56 ересек адам және 2 бала бар. Қазір 253 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, 3 адамда ауыр, 55 ересек адамда ауырлықтың орта дәрежесінде.
Провизорлық госпиталдарда 343 адам бар, оның 11 бала. Карантиндік оқшаулауда 419, үй карантинінде 7097 адам бар.
Қазіргі уақытта қалада шұғыл көмекті №7 және №4 қалалық клиникалық ауруханалдар көрсетуде. Орталық қалалық аурухана дезинфекциялық тазалау жұмыстарын жүргізуге жабылды. Кеше 14 сәуірде Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды. Медициналық ұйым басшысының міндетін қазір Марат Шадыбаев атқарып жатыр. Бұл азамат 28 жылдан бері денсаулық сақтау саласында басшылық қызметтерде ұйымдастырушылық қабілетін әбден жетілдірген азамат. Бұрын да осы ауруханада басшылықта болған,-деді Әбілдаев.
Сөз арасында ол, өзінің де оқшауланғанын жеткізді.
Менің дербес оқшаулануыма қатысты айта кетсем, мен алты күн бұрын Орталық қалалық клиникалық аурхана барған едім. Әлеуетті байланыстағы адам болғандықтан әріптестерім қауіп-қатерге ұшырамас үшін өзімді оқшаулауды жөн көрдім. Бұған дейін әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы үш рет талдау өткіздім, барлығының нәтижесі теріс,-деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы