Алматыда қанша адам үй кезегінде тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев айтты. 

Қазіргі таңда есепте 26 мыңға жуық адам үйге кезекте кезекте тұр. Көпбалалы аналардан 2180 адам, жетім балалардан 600, әлеуметтік осал топтардан 12 мың, мемлекеттік қызметкерлерден 10 мыңға жуық адам кезекте тұр. 2020 жылы 3 мыңға жуық үй пайдалануға беріледі. Биыл 343 адам үйлі болды. "Алматы жастары" бойынша 188 адам (білім беру 82, денсаулық сақтау 57, мәдениет 12, ЖОО және ҒЗИ 23, БАҚ 11, әлеуметтік сала 2), "Бақытты отбасы" бойынша 155 адам үйге ие болды, - деді ол. 
Ол атап өткендей, "Алматы жастары" бойынша 8 мыңға жуық өтініш берілген. 
Оның 3 мыңы бірінші тапсырыстан, 5 мыңы екінші тапсырыстан келді. Банкке 1500 мыңдай адам жолдама алды. 500-інің құжаттары қарастырылып жатыр, 188-і үйлі болды. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс жалғасып жатыр. "Бақытты отбасы" бойынша 1696 адам өтініш берді. Кредит беру лимиттері ҚР ИИДМ өңірлер бойынша бөлінеді. Алматы қаласына 3,7 млрд.теңге сомасына 376 қарыз бөлінді, оның ішінде: 188 – көпбалалы отбасылар үшін, 188 – толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар үшін. 2020 жылғы 7 тамызда 155 кредиттік қарыз берілді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы