Алматыда анасы мен балаларын өлтіріп кеткен адам іздестірілуде
Алматы облысында үш бірдей қылмыс жасаған күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "Немолчикз" қоры Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
Белгілі болғандай, 2023 жылғы 14 қыркүйекте сағат 22:31 Алматы облысы ТЖД бөлімшесіне Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі Береке, 6 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сағат 22:55 келіп жеткен өрт сөндірушілер үйдің шатыры өртеніп жатқанын, өрт салдарынан бір бөлменің шамамен 10×10 бөлігі құлағанын анықтады. Өрт сағат 23:45 ауыздықталды. Үйден үш адамның денесі табылды: 1 ересек және екі бала. Олардың денелерінде зорлық-зомбылық белгілері бар болды, - делінген хабарламада.
Кейіннен қайтыс болғандардың тұлғалары анықталды:
1). Анасы - Қамшыбаева Мадина.
Мойнының оң жақ бөлігі ашық жарақаттанған, бет, сол жақ иек тұсының көптеген жері тілінген, іш қуысы жараланған.
2). Қызы - Асхатқызы Айым, 2010 жылғы, Жәпек батыр ауылындағы 36 мектептің 8-сынып оқушысы.
Іш қуысы, оң жақ иығы жараланған.
3). Ұлы - Жеңісұлы Мұрагер, 2015 жылғы, Жәпек батыр ауылындағы 36 мектептің 2-сынып оқушысы.
Мойынның сол жақ бөлігінен терең жарақат алған.
"Немолчикз" қорының мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің зертханасының алдын ала шығарған қорытындысына сәйкес өрт белгісіз зат кесірінен тұтанған. Өрттің ошағы жатын бөлме болған. Кейіннен үйдің шатырын да шарпыған. Аталған мекенжай бойынша әйел іздеудегі ер адаммен бірге баспана жалдап тұрған.