Алматыда жыл соңына дейін 11 амбулатория ашылады

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды.

Оның айтуынша, есеп беру кездесулерінде тұрғындар шалғай ықшам аудандарда медмекемелердің жоқтығын айтқан. Осыған орай 2019 жылдың қыркүйегінде емханалары жоқ ықшам аудандарда амбулаториялардың жұмысын ұйымдастыру бойынша үш жылдық бағдарлама әзірленіп, іске қосылған. 


Тексеру нәтижесі көрсеткендей, медициналық қызмет көрсету үшін 35 амбулаторияның қажеттігі анықталды. Өткен жылы Алтай-1, Кеңсай-1, Көлсай, Тау Самалы, Қарағайлы, Томирис, Ақбұлақ және тағы басқа ықшам аудандарда осындай 11 медмекеме ашылды. Жақында Түрксіб ауданындағы «13-әскери қалашық» учаскесінде дәрігерлік амбулатория жұмысын бастады. 5,4 мың адам тіркелген медмекеме ауысымына 50 адамды қабылдай алады, - деп жазды ол. 


Сондай-ақ әкім биыл жыл соңына дейін тағы 11 амбулатория ашылатынын, қалған 12 амбулаторияны келер жылы ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы