Кеше 2026, 23:35
Фото: видеодан скрин
Алматыда алып ағаш құлап, жол қозғалысы уақытша тоқтады
Алматыда жол ортасына ағаш құлап, уақытша қолайсыздық туындады.
Алматыда күндіз алып ағаш құлап, қала тұрғындарын алаңдатты. Оқиға Минин мен Марков көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ
22 наурыз, жексенбі күні болған оқиға кезінде, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Қала әкімдігінің мәліметінше, құлаған ағаш 2026 жылы кесуге жоспарланған апатты ағаштардың тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда Экология және қоршаған орта басқармасы мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиғаға байланысты ТЖД-ның 109 қызметіне өтінім жолданып, Бостандық ауданы әкімінің тапсырмасымен мердігер ұйым құлаған ағашты жедел түрде жинап, аумақты тазартты.
Қазір жол толық ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Коммуналдық желілерге зақым келмеген.