6 Қыркүйек 2026, 11:48
Фото: istockphoto.com
Алматыда Алтынсарин даңғылының бір бөлігі бірнеше түнге жабылады
Көлік қозғалысы 5-9 қыркүйек аралығында түнгі уақытта шектеледі.
Алматыда Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
5-9 қыркүйек аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейінгі учаскеде асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы жабылады. Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері орнатылады, – деді ведомство.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.