4 Тамыз 2024 2024, 15:09
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда алты жасар бала екінші қабаттан құлап кетті
Алматыда алты жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Алматыда алты жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 4 тамызда таңертең Алматының Алмалы ауданында болды.
Түрлі жарақат алған қыз бала ауруханаға жатқызылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасады:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Москит торлары құлаудан қорғамайды;
- Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.