2 Сәуір 2025 2025, 08:13
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда алты қабатты ғимарат өртенді
Алматы қаласы өрт сөндірушілері Жетісу ауданы, Новгородская көшесі бойында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы өрт сөндірушілері Жетісу ауданы, Новгородская көшесі бойында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндіру есептоптарының жедел келуіне қарамастан, өрт өршіп кеткен. Ғимараттың шатыры мен қаптамасы толығымен жалындап жанып жатты. Өрттің таралуына лак-бояу өнімдері бар ыдыстардың жарылысы, сондай-ақ өрт туралы кеш хабарлау ықпал етті.
Өртті сөндіру ғимарат ішіндегі үлкен жанғыш жүктемемен, атап айтқанда, лак-бояу өнімдерінің болуымен күрделенеді, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Өрт орнында Алматы қ. ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаевтың басшылығымен жедел өрт сөндіру штабы әлі жұмыс істеді. Үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге ТЖМ автопоезд тартылды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.