14 Қазан 2023 2023, 11:06

Алматыда «Almaty Сity Games 2023» жалпықалалық спорттық ойындары өтеді

«Almaty Сity Games 2023» жалпықалалық спорттық ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Almaty Сity Games 2023» жалпықалалық спорттық ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14-15 қазан аралығында Республика күнін мерекелеу аясында «Almaty City Games 2023» жалпықалалық спорттық ойындар өтеді. Шағын футбол, чирлидинг, 3*3 баскетбол, үстел теннисі, шахмат және волейбол сияқты спорт ойындарына 1500-ден астам адам қатысады. Ойынның жалпы жүлделік қоры 2.545.000 теңге.

Сондай-ақ, жарыс аясында граффити, көркем сурет салу бойынша шеберлік сыныптары, арт-галерея көрмелері, спорттық бұқаралық іс-шаралар және концерттік бағдарламалар өтеді.

Кіру және қатысу тегін

Өтетін күні мен орны: 14 қазан сағат 10:00-де, М. Әуезов атындағы стадион (Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Гоголь көшесі 1б)