Алматыда “Almaty Food Fest” гастрономиялық фестивалі басталды
Қатарынан үшінші жыл өткізілген шараға 15 мыңан астам қонақ келген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Фестивальге 50-ге жуық мейрамхана, 30-дан астам фермерлік және hand-made дүңгіршектері жұмыс істеді.
Біздің өндіріс 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мақсатымыз халқымызға сапалы өнімдерді ұсыну. Сондай-ақ сүттен табиғи өнімдер жасаймыз. Сол себептен денсаулыққа пайдалы деп айтар едім. Адамның денсаулығы ішкі құрлыстан басталды. Бізде түрлі өнімдер өте көп. Оларда қант қосылмаған, табиғи дәмдері сақталған. Біз биойогурт, ірімшік, сарысу, балмұздақ жасаймыз. Біздің фирма Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан. Сол жерде ешкілеріміз, йогуртқа қосатын жейдектер өсіріледі. Фирмада 20-30-ға жуық адам жұмыс істейді,- дейді сату бөлімінің маманы Гүльнұр Ілиясова.
Іс-шарада ШЫҰ-на қатысушы елдердің аспаздары арасында қызықты барбекю-байқауы өткізілді.
Мен тағам жасауды жақсы көремін. Арнайы осы шара үшін Ираннан ат басын бұрып келдім. Мен бала кезімнен 16 жасымнан бастап Иран халқының ұлттық тағамдарын жасап үйрендім. Қазір жасым 41-де. Қазақ жеріне келгеніме қуаныштымын. Мен үшін бұл жер өте қызық болды. Әдемі, көрікті жерлері көп деп айтар едім. Маған қазақ кебап, еттен жасалатын тағамдар ұнады. Екі елдің тағамдарының айырмашылығы бар. Әр қайсысысының дәмі ерекше деп айтар едім,- дейді Иранан келген аспазшы Fatemeh Aizadeh.
Дәстүр бойынша, Almaty Food Fest 2024 екі күн қатарынан, тамыздың 24-25 күндері Абай атындағы алаңда өтеді.