Алматыда «Almaty BALAFEST» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда «Almaty BALAFEST» фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Фестивальдің мектеп кезеңінде 250 000-нан астам оқушы бақ сынасса, аудандық кезеңге 35 000-ға жуық бала қатысты. 

Ал 3000-нан астам оқушы іріктелген қалалық кезеңде 1200-ден астам балдырған жеңімпаз атанды. Байқауға білім беру ұйымдарының 1-11-сынып оқушылары қатысты. Ботаникалық бақта өтіп жатқан «Алматы БалаFEST» мерекелік балалар фестивалі Президент жариялаған «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды.

Қаламызда осындай фестивальдердің ұйымдастырылып отыратынына қуаныштымын. Биыл жеңімпаз атандым. Естелікке түрлі сыйлықтар ұтып алдым. Бүгінгі шараға бауырларыммен келдім. Болашақта әлемге танымал суретші болғым келеді, – дейді Айару Бекзат есімді қатысушы. 

Іс-шарада танымдық ойындар, спорттық эстафеталар, және театрландырылған қойылым болды. 

Бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Өнерлі балалар сурет салудан жарысып, қаланың көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірді. 

Біздің мақсатымыз - балаларға қуаныш сыйлау. Бала - біздің болашағымыз. Алматы қаласында өнерлі, талантты жеткіншектердің саны көп. Олардың ішінен кіл мықтыларын таңдап алу қиынға соқты. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Бұдан бөлек, қаламыздың 8 ауданында балаларға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда, – дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Фестиваль 7 бағыт бойынша өткен:

«Жұлдызды сәт»
«Бояулар құпиясы»
«Өнерлі бала»
«Кітап – білім бұлағы»
«Жасыл Алматы»
«OpenAir Sport»
«Хакатон – IT Universe»

Сонымен қатар фестиваль оқушылар бір-бірімен танысып, ой алмасты және әрбір бала үшін мүмкіндіктер алаңына айналады. 

Балалар үшін фотоаймақ ұйымдастырылды. Онда танымал суретшілермен, спортшылармен, қолөнершілермен, әртістермен және т. б. суретке түсе алды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы