Алматыда алимент төлемеген адамды әкелік құқығынан айырды
Алматы, BAQ.KZ . Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-аналық құқығынан айыру ісі қаралды. Бұл туралы аталған соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотқа әйел бұрынғы күйеуінің 8 және 9 жасар балаларын тәрбиелеуге және материалдық көмек көрсетпей ата-аналық міндетін атқармай жүргендігі туралы арыз түсірген. Оның алимент бойынша борышы 2 млн 892 мың теңгені құраған және оны төлеуден жалтарған.«Сот отырысында арыз жазушы «С» бұрынғы күйеуінің ата-аналық құқығынан айыру ісіне қарсылық танытпады. Сот отырсында кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғаншылық және қамқорлыққа алу ұйымының өкілі арызды қанағаттандыруды сұрады», - делінген хабарламада.
Сот ата-ана құқығынан айыру және шешімді күшіне енгізу талабын қанағаттандырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қыздардың телефонын ұрлап келген жігіт ұсталды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы