Алматыда алғашқы NEW MEDIA FORUM өтеді

12 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғашқы NEW MEDIA FORUM өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форум аясында жаңа медиа өкілдері – блогерлер мен инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары мен өндірушілері, мемлекеттік қызметкерлер мен инвесторлар өзекті мәселелерді талқылау, заманауи сын-қатерлерді анықтау және олардың қазақстандық қоғамға әсерін бағалау үшін жиналады.

Форум бағдарламасында «Жаңа цифрлық әлем тәртібі», «Медиа нарығының эволюциясы», «Цифрлық кеңістіктегі жаңа медиа этикасы», «Техномедиа: инфокеңістіктің трансформациясы», «Креативті индустрия және жаңа медиа» тақырыптары бойынша панельдік сессиялар бар. Сонымен қатар, қатысушылар «PechaKucha» қысқаша баяндамалары форматында өз жобаларын ұсынып, таныстыра алады.

Форумның негізгі спикерлері мен хедлайнерлері Қазақстан мен алыс-жақын шетелдердің жаңа медиа өкілдері болады. Белгілі сарапшылар дамудың өзекті мәселелерін талқылап, осы салаға қатысты көзқарасытары мен озық тәжірибелерімен бөліседі.

Алғашқы NEW MEDIA FORUM-ның негізгі мақсаты келесі сұрақтардан құралған: жаңа медианың даму тарихы және олардың әлеуметтік өмірге және медиа индустрияға әсері; осы медиалардың форматтары және ерекшеліктері; медиа этика және оның бұқаралық мәдениетке әсері; жарнама және алға жылжыту; интернет-маркетинг және интернет-белсенділік; жаңа тенденциялар мен перспективалар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Өзгелердің жаңалығы