Алматыда алғаш рет Азия хоккей чемпионаты өтуде

Алматыда тарихтағы алғашқы Азия хоккей чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жарыс 6-9 қараша аралығында Halyk Arena көпфункционалды спорт кешенінде өттіп жатыр. Қазақстан құрамасы бүгін Қытай елімен ертең Жапония командаларымен күш сынасады.

Матч билеті 1000 теңгеден 3000 теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр.

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен тарихта алғаш рет өткізіліп жатқан жарыстың жанкүйерлері өте көп.

 Біз бүгін Корея мен Жапонияның ойынын көруге 3 қыз болып келдік. Біз Кореяның хоккей құрамасына жанкүйерміз. Бүгінгі ойын тартысты өтіп жатыр. Бір-бірімен соқтығысу, қағып кету сынды жайттар жиі кездесіп жатыр. Ойының алғашқы минуттары теңбе-теңбе болған. Дегенмен ойының соңында Жапония құрамасы басым түсті. Ойында екі комманда ойыншылары барын салып ойнағанын көруге болады,- деді Шырын және Тоғжан есімді көрермендер.

Айта кетейік, алдағы турнирлер 2025 жылы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары ретінде ұйымдастырылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы