Алматыда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медициналық-әлеуметтік мекемелер мен балалар үйіндегі азаматтардың құқықтарын қорғау қаржы мониторингі агенттігінің жіті назарында.

Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел алдын алу шарасы аясында, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат  басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу айыпталушыларға қатысты 10 млн теңгеден астам шығын сомасымен психоневрологиялық аурулары бар адамдарға жұмсалатын және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жымқырылған қаражат толық көлемде өтелді.
Сот үкімімен айыпталушылар сотталып, оларға екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

2021 жылы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «QAMQOR» жедел алдын алу шарасы аясында 5 қылмысты тіркеді, барлық іс өндіріспен аяқталды. Жалпы анықталған шығын 32 млн теңгеден асты,-делінген хабарламада.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы