Алматыда әлеуметтік мәселе қалай шешіліп жатыр

Алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін 2023 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үлкен жұмыс атқарды, бюджет әлеуметтік бағдарланған күйінде қалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтiк қолдау, бiлiм беру, денсаулық сақтау және халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау жөнiнде басым шаралар қабылданып жатыр.

Осылайша, әлеуметтік салаға 589,1 млрд теңге жоспар кезінде, 579,6 млрд теңге немесе 98,4%, жалпы бюджеттің үлесінен - 38,9 бағытталды. 2022 жылмен салыстырғанда бюджет 118,5 млрд теңгеге немесе 25% ұлғайды.

Білім беру саласында 420,1 млрд теңге игерілді, жалпы бюджеттің үлесінен - 28,2%, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 93,7 млрд теңгеге артық.

Білім беру әлеуметтік саясаттың маңызды басымдығы ретінде әрекет етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл бағытта мектепке дейінгі, орта, техникалық білім беру саласында бірқатар бастамалар мен өзгерістер жүзеге асырылуда. Сапалы білім алу үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау, оқушы орындарының тапшылығын азайту бойынша шаралар қабылдануда, осылайша 22 мектептің құрылысы бойынша «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру басталды.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша есепті жылы Алматыда маңызды жобалардың бірі - «Мектеп автобусы» жобасы іске қосылды. 2023 жылдың соңында қалада 30 мектепке қызмет көрсететін 97 автобус жүрді. Тасымалдаумен 8,3 мың оқушы қамтамасыз етілді.

Даму бағдарламасының жол картасын іске асыру шеңберінде цифрландыру қаланы тұрақты дамыту басымдықтарының бірі.

Осыған байланысты, екінші жыл қатарынан мемлекеттік орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасы іске асырылуда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қаланың 186 балабақшасы мен 194 мектебінде мамандандырылған күзет және бейнебақылау жүйесі жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге, оның ішінде 2023 жылы 1,6 млрд теңге көзделген.

Білім беру объектілерін дамыту аясында 1 635 орындық мектептерге 4 қосымша құрылысы және 7 мектептің сейсмикалық күшейтілуі аяқталды.

Сондай-ақ, «Айнабұлақ-4» және «Саялы-2» шағын аудандарда әрқайсысында 160 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталды.

Бұдан басқа, Алатау және Наурызбай аудандарында мектеп жасындағы балаларға арналған 2 заманауи инновациялық шығармашылық орталығы пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласында 32,6 млрд теңге орындалды.

Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту шеңберінде 2023 жылы қаланың медициналық ұйымдарына 457 жаңа медициналық жабдық сатып алынды. Медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 95% жетті.

Жедел, кәсіби және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында Алматы қаласының Жедел медициналық көмек станциясына 2 55 санитарлық автокөлік сатып алынды.

Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жалғастыру мақсатында 2023 жылы сирек кездесетін орфандық аурулармен ауыратын 7 671 адамға жергілікті бюджеттен 8,2 млрд теңге бағытталды.

Сонымен қатар «Кемел», «Мамыр-5» шағын аудандарда ауысымына 200 орындық отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.

Әлеуметтік қорғау саласында 60,6 млрд. теңге игерілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,2 млрд. теңгеге немесе 36,2% артық.

Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 17 мың адам оқытумен және жұмыспен қамтылды, 90 мың жұмыс орны құрылды. Осы мақсатқа 14,4 млрд. теңге жұмсалды.

Қала әкімінің бастамасымен 134 мың зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына тарифтің көтерілуіне байланысты 1,5 млрд.теңге коммуналдық төлемдер өтелді.

Жалпы, өткен жылы 163 мың адам Халықтың әлеуметтік осал топтары ішінен әлеуметтік төлемдердің 20 түрінен көмек алды.

Мәдениет, спорт және туризм саласында 67,4 млрд. теңге жоспар кезінде 66,2 млрд. теңге игерілді.

Жол картасы мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткен жылы жастардың дамуы мен өзін-өзі көрсетуі үшін коворкинг аймағы бар 100 мың адамды қамтитын 8 жастар комьюнити-орталығы ашылды.

Туризмді белсенді дамыту қамтамасыз етілді. 2023 жылы қаламызға 2 млн турист келді, оның ішінде шет елдерден 540 мың адам.

Мәдениет саласында шамамен 1,6 млн. адамды қамтитын
182 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Біздің басты міндетіміз - тұрғындардың қаланың мәдени өміріне тартылуын арттыра отырып, Алматының мәдени астана ретіндегі мәртебесін нығайту.

Ол үшін Даму бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы мәдениет объектілерін жаңғырту басталды. Қаладағы Мемлекеттік мұрағат пен кітапхана жүйесінің барлық құжаттарын цифрландыру, сондай-ақ 2,4 млрд. теңге сомасына жабдықтармен жаңартылды.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, қорғаныс және қоғамдық тәртіп саласында 85,2 млрд теңге жоспар кезінде 83,6 млрд теңге немесе 98,2% атқарылды.

Жол картасы аясында «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша 8 сервистік орталықтар және полиция учаскелерін ашу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Медеу, Түрксіб, Алмалы аудандарында 3 өрт сөндіру бөлімдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

122 сирена-сөйлеу қондырғысы сатып алынды, бұл сиреналармен қамту аймағының деңгейін 85%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Төтенше жағдай кезінде халық үшiн 225 млн. теңге сомасына 23 000 ақпараттық көрсеткiші әзiрлендi, кейiннен оларды Алматы қаласының көппәтерлi тұрғын үйлерiнiң кiреберiстерiне орналастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мақсат Рысбеков -архив
Өзгелердің жаңалығы