Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік қоймасында дым жоқ
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қала әкімі БАҚ өкілдерінің «Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлік қоймаларында не бар?» деген сауалына осылай жауап берді.
Өткен жылдан бастап, қоймамызға ешнәрсе сатып алған жоқпыз. Ақшамен жұмыс істеп отырмыз. Үлкен компанияларға кредиттер береміз. Жылдың басынан бастап компаниялар төмен бағаммен 2 мың тонна күріш, 1 тонна май, 700 мың тонна қарақұмық сатып алған. Себебі өткен жылы осы азық-түліктің бағасы ай сайын өсетін. Сол себептен қалада әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация жүйелі жұмыс істеп отыр, – дейді қала әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 850 мыңнан астам көлік бар. Қалада көлік тұрағы тапшы
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы