Алматыда алаяқтардың “телефон стансасы” анықталды
Қалалық полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде шағын АТС ұйымдастырған 26 жастағы ер адамды ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бір күн бұрын «Кибрепол» қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен арнайы іс-шара жүргізген болатын.
Үйді тінту кезінде 32 SIM-карта слоты бар SIM-қорап жабдығы, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 дана SIM картасы табылды. Бұл жабдықты интернет-алаяқтар анонимді болып қала отырып, әртүрлі интернет-қызметтерді және мессенджерлерді белсендіру, аккаунттарды тіркеу үшін пайдаланады, олардың көмегімен алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға телефон соғады. Күдікті осы жабдықты орнату, қосу және слоттардағы SIM карталарды ауыстырудан тұратын «жұмысты» интернеттен тапқанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында жедел шаралар жүргізілуде. Ұсталған азамат қамауға алынды, - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.