Алматыда алаяқ ұялы телефон сатушыларын 30 млн теңгеге алдап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әйел ұялы телефон сатушыларын 30 миллион теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Алмалы ауданының полициясы анықтағандай, өзін ұялы телефондардың бөлшек сатушысы ретінде көрсеткен 22 жастағы А. есімді азаматша, көтерме жеткізушілерден мобильді құрылғыларды алып, ізін суытып кеткен.
4 жеке кәсіпкер полицияға ресми түрде арызбен жүгінді, олар келтірілген материалдық шығынды 30 миллион теңгеге бағалады. Күдікті ұсталды және ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның жеке басының басқа да осыған ұқсас эпизодтарға қатыстылығы тексерілуде, - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада коронавирусқа қарсы қандай вакциналар бар?
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы