Алматыда алғаш рет жылқы көрмесі өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы орталық атшабарда алғаш рет тұқымдық жылқылардың көрмесі өтіп жатыр. 


Шараны ұйымдастырушы «Республикалық зауыт жылқылары тұқымы палатасы» ұйымдастырған ерекше шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Атқа міну мәдениетін» дамыту мақсатында өтіп жатыр.


«Өздеріңіз білетіндей әлемге танымал тұлпар – Абсент шыққан Луговой жылқы зауыты біздің мақтанышымыз болды. Бүгінгі бәйге маусымының аяқталуына орай өткізіліп отырған шараны барлығы да осы зауытқа арналады. 90 жылға жуық тарихы бар зауыт әлі де өз жұмысын тоқтатпай келеді» - деді палата директоры Талғат Жайсаңбаев.

Көрменің ашылу салтанаты 1200 метрлік ұшқыр бәйгемен басталды.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған жылқы көрмесінде ең кәшкентай жылқы - мәстектерден (пони) бастап, бір өзі 10-15 тонна жүк сүйрейтін алыптарға дейін болды.

Сонымен қатар, таза қанды мініс жылқылары мен қазақ жылқысының түрлері, араб, ағылшын жылқыларының түрлері көрсетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы