Алматыда акцизделмеген 18 мыңға жуық темекі бумасы тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымы 17 990 дана мөлшерінде анықталды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлағандай, темекі өнімдерін заңсыз сату мемлекетке және темекі өнімдерін сатумен айналысатын бизнес субъектілеріне едәуір залал келтіреді, сонымен қатар денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Өкінішке орай, кейбір салық төлеушілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын елемей, темекі өнімдерін акцизсіз және заңдарды бұза отырып сатуда.

«Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Розыбакиев көшесі 33/1 орналасқан «Жұлдыз» базарында акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымын 17 990 дана мөлшерінде анықтады», - делінген хабарламада. 

- Fast темекілері - 7 500 дана;

- Credo темекілері - 4 000 дана;

- Prestige темекілері - 4 500 дана;

- Esse темекілері -  1 490 дана;

- Mond темекілері - 1 000 дана;

- D & J темекілері - 500 дана.

Сонымен қатар, департамент алкогольді ішімдіктердің заңсыз айналымы саласында да белсенді жұмыс жүргізуде.

Сонымен, 2019 жылдың 9 айында Алматы қаласының мемлекеттік кіріс органдары тексеру шараларын жүргізу барысында жалпы сомасы 408 млн теңгені құрайтын 1 млн 974 мыңнан астам бөтелке алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы