Алматыда аккредиттеу бойынша форум өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іс-шара Дүниежүзілік аккредиттеу күніне орайластырылып, қазақстандық алаңда өткізілетін сәйкестікті бағалау саласындағы елеулі оқиғалардың бірі болды, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев ұлттық деңгейде де, БЭЖ шеңберінде де техникалық реттеу және аккредиттеу жүйесін дамытудың маңыздылығы мен болашағын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың экспорттық қозғалысын дамытуда, бизнесті дамыту үшін жағдайларды жақсартуда және саудадағы техникалық кедергілерді алып тастаудағы аккредиттеу рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, форумда ЕЭО шеңберіндегі сынақ хаттамаларын өзара тану, "сұр" сертификаттау фактілерінің жолын кесу және жосықсыз бәсекелестікті жою бойынша аккредиттеу органдарының өзара іс-қимылы мәселелері қозғалды. Бұл мәселелер: "Техникалық реттеу және Аккредиттеу" және "Жеткізу тізбегі және экспортты жылжыту» панельдік сессияларында талқыланды.

Қазақстанның Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу жүйесін жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар әзірленуде. Е-аккредиттеуге жоспарлы көшу жүзеге асырылады.

"Одан әрі дамытудың пәрменді механизмдерінің бірі экспортты жылжытуға ықпал ету бойынша мемлекеттік құрылымдар мен бизнес-қоғамдастықтың белсенді өзара іс-қимылы, транзиттік әлеуетті дамыту және ішкі нарық пен сыртқы экономикалық қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, Техникалық реттеу мәселелері бойынша өзара сенім мен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында ЕЭО аясында ақпараттық жүйелерді жетілдіру болып табылады. Сондықтан, бүгінгі форум барлық мүдделі тұлғалармен ашық диалог түрінде барлық өзекті мәселелерді талқылауға арналған" - деп атап өтті Арман Шаққалиев.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы