Алматыда әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр

Бүгін кешкі сағат 21-00 шамасында Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесінде орналасқан бір қабатты әкімшілік ғимарат отқа оранды. ТЖМ баспасөз қызметі өрт сөндірушілердің оқиға орнына жоғары дабыл белгісімен аттанғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, оқпанмен жұмыс істейтін 4 жауынгерлік звено ұйымдастырылды. Олар ғимарат шатыры аумағында өрт сөндіруде. Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері де оқиға орнында. Жағдай бақылауда, - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы