Алматыда Air Astana ұшағы әуежайда көлікпен соқтығысты

Air Astana ұшағы тағы да апатты жағдайға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомство атап өткендей, Алматы әуежайында лайнердің есігін тамақ таситын машина зақымдаған.

Air Astana 13 тамызда КС 267 "Алматы-Бейжің" рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігі тамақ таситын машинадан зақымданғаны туралы хабарлайды. Бұл рейстің жолаушылары бүгінгі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі. Әуекомпания рейстің кешіктірілгеніне өкініп, оған әуекомпания кінәлі емес екенін атап көрсетеді. Air Astana Алматы халықаралық әуежайын материалдық залал келтіруден басқа ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырады, - делінген хабарламада.

Фото: Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі

Бұған дейін Air Astana әуекомпаниясына қарасты Fly Arystan әуекомпаниясының басы тағы дауға қалғанын хабарлаған болатынбыз. 

Сонымен қатар 5 тамыз күні Астана әуежайында FlyArystan ұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы