Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғы қойылды

Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Алматыда белгілі тарихшы, алаштанушы ғалымдар, ақын-жазушылар ағартушының мұражай-үйі алдындағы бюстіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шарада «Ахмет Байтұрсынұлының лингвистикалық мектебі және оқулықтарындағы білімдер жүйесі» атты республикалық конференциясы өтті.

Аталған іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тілтанушылар, музей қызметкерлері, ЖОО оқытушылары мен студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Конференцияға қатысушылар әртүрлі тақырыптар мен А. Байтұрсынұлы мұрасын қамтитын қызықты және танымдық баяндамалар топтамалары жайында баяндайды.

Конференция аясында, «Ахмет. Алаш ардақтысы» кітабының тұсаукесері өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы