Алматыда ағаштарға дронмен дәрі шашады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық өңдеудің бірінші кезеңі басталды.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдгінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңдеу түнде жүзеге асырылады, өйткені күн сәулесі препараттың тиімділігін төмендетеді. Жаңбыр кезінде де өңдеу жүргізілмейді. 

Экспериментальды түрде, дрондар арнайы техникамен жүру қиын, яғни қолжетімді емес жерлерде қолданылады. Негізгі бөлігі сөмкелі шашқыштармен өңделеді. 

Препараттардың спецификалық иістері бар, бірақ олардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және жануарларға еш зияны жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы