Алматыда АЭС салынады деген саяси ойын болуы мүмкін – Бозымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың xалыққа есеп беру кездесуінде Талдықорған қаласының тұрғыны бейнеконференция арқылы "Алматыда Атом электр стансасы салынады" деген қауесеттің қаншалықты  рас екенін сұрады.

Бұған дейін кейбір ақпарат көздерінде "Балқаш көлі маңындағы Үлкен кенті атом электр станциясын салуға ыңғайлы жер ретінде қарастырылып отыр" деген ақпарат тараған болатын. Талдықорған қаласының тұрғыны осыған өзінің алаңдаушылығын білдірді. 

"Елімізде ешқандай электрге тапшылық жоқ. Ондай қажеттілік 2025-2027 жылы болады деген болжам бар екені рас. Сол кезде оңтүстікпен орталықта профицит болуы мүмкін. Бұл аймаққа Балқаш көлі маңындағы Үлкен кентте кіреді. Алайда, бұл ол жерде АЭС салынады дегенді білдірмейді", - деді Қанат Бозымбаев.

Ол елімізде АЭС салынады деген қауесетті шетелдік ұйымдар таратып жатса, бұл олардың ниеті деп қабылдау керектігін айты.

"Мәселе толық зерттелмей, ешқандай шешім қабылданбайды. Сол себепті одан қорқудың қажеті жоқ. Оның бәрі қауесет ғана. Егер мұндай ақпараттарды шетелдік ұйымдар мен компаниялар таратып жатса, солардың ниеті ғана деп қабылдау керек екенін ескертемін. Әлде саяси ойын ғана болуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барған сапарында АЭС жайлы өз ұстанымын айтты.Президент мұндай мәселеде халықтың талап тілегі ескеріле отырып шешім қабылданатынын айтты. Яғни сауалнама жүргізу немесе референдум арқылы. Жаппай xалық қарсы болып жатса, ештеңе салынбайды. Оған алаңдауға себеп жоқ", - деді министр.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы