Алматыда адвокат алаяқтық үшін сотталды

Алматыда сот алдында адвокат пен тағы екі жергілікті тұрғын жауапқа тартылды. Олар адамдарды шенеуніктерге пара беруге итермелеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Антикоррупциялық қызметтің мәліметінше, адвокат пен екі алматылық тұрғын бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй ретінде заңдастыру үшін жергілікті тұрғындарды мемлекеттік қызметкерлерге 30 миллион теңге пара беруге итермелеген.

Үшеуі де алаяқтық және пара беруге итермелеу бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкімі бойынша, айыпталушылардың бірі жеті жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісі төрт жылға сотталды. Ал адвокат бір жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ, олар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Соттың бұл шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы