Алматыда адамның миына күрделі операция жасалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы дәрігерлері адамның миына күрделі операция жасады. Бұл туралы Орталық қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық қалалық клиникалық аурухананың неврология қабылдау бөлімшесіне ми қанайналымының жіті бұзушылығы күдігімен 1981 жылы туған пациент келіп түскен. Науқас нейрохирургпен тексеріліп, содан ангиография КТ жүргізіліп, алдыңғы қосылған күре тамырының үзілген қапты аневризмасы анықталыпты.
Шұғыл түрде нейрохирург дәрігер Ербол Макежановпен жоғарытехнологиялық тұрғыда операция жасады. Ол қапты аневризманың ассистенция баллонымен эндоваскулярлы эмболизация жасалып, оның қайталама үзілгенін болдырмайды. Аталған операция шағын инвазивтік емдеу әдісінде қаралған, - делінген хабарламада.
Нейрохирург дәрігердің айтуынша, эндоваскулярлы нейрохирургияның заманауи технологиялары бұл операцияларды бас сүйекті теспей жасау мүмкіндігін береді.
Жамбас күре тамыры арқылы бүкіл ағзасы бойынша арнайы катетер салынып, аневризмаға енеміз де, онда арнайы спиральдарды орнатамыз, содан соң аневризма қан ағымынан жансызданып, осылайша, қан құйылу қаупінің алды алынады. Мұндай жағдайда пациент жедел түрде хирургиялық араласуды қажет еткен. Операция сәтті өтті. Пациент реанимация бөлімшесінде оянғаннан соң белсенді түрде шағымданған жоқ, ал, бұрыннан мазасын алған бас сақинасының ауруы толығымен жойылып, 10-тәулікте пациент неврологиялық бұзылусыз ауруханадан шығарылды, – деді Ербол Макежанов.
Айта кетеріміз, аневризманың үзілуі пациентте қатты асқынуына, оның ішінде, геморрогиялық инсульт, жүйке жүйесінің зақымдануы немесе өлімге апара отырып, бас миына қан кетуге дейін апарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұхтар Құл-Мұхаммед Куба елшісімен кездесті
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы