Алматыда адамдарды қағып өлтірген жүргізуші 8 жылға сотталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда аялдамада тұрған адамдарды қағып өлтірген жүргізушіге қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы Алматы ПД хабарлады.
Бір жыл бұрын 2019 жылдың 16 наурызында А.А.Типикин өзінің "Тойота Королла" маркалы автокөлігімен көлік құралын жүргізу құқығынан айырылса да үйден шығып, мұндай сапардың қайғылы аяқталуы мүмкін екендігін ойламады.Бұл қылмыскер, оны тек осылай атауға болады, бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін Алматы облысында жүргізуші куәлігінен айырылған, ол сонда да өзіне рөлге отыруға және үйден шығуға рұқсат берген. Жолдың басқа пайдаланушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген ол, Тәттібеков көшесімен шығысқа бет алды. Мас күйінде бірінші қатардан екінші қатарға қысқа қашықтықта маневр жасап, жүргізуші “Пежо” көлігімен соқтығысады. Типкиннің көлігі соққыдан өз траекториясын өзгертіп, аялдамаға кіріп, үш жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Әрі қарай, қалдық инерциямен автокөлік жеке үйдің қоршауын қағып тастайды. Құдайға шүкір, ол жерде ешкімге зиян тигізбеді. Бәрі күндіз, сағат 12: 30-да болады, – дейді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының жол-көлік оқиғасын тергеу бөлімі Рауан Манап.
Осы жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жәбірленушілер 1988 жылы туған Г. және 1978 жылы туған А. есімді ер адам өмірге сәйкес келмейтін жарақаттардан қайтыс болды. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен А.Типикин мырза ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Оған 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы және 10 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қазіргі уақытта сотталған Т. есімді ер адам жазасын орташа қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жатыр. Биыл жоғарыда аталған баптың санкциясы күшейтілгенін атап өткен жөн, – дейді Рауан Манап.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы