22 Қыркүйек 2026, 14:16 Фото: видео кадры

Алматыда адамдар отырған троллейбустан өрт шықты

Алматыда өрт сөндірушілер троллейбустағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиға бүгін таңертең Алматы қаласы Әуезов ауданы Бауыржан Момышұлы мен Марғұлан көшелерінің қиылысында болған. Жолаушылар троллейбусының төбесіндегі электр сымдары жанып кеткен. 

Оқиға орнына өрт сөндіру есептоптары дереу жетіп, өрт сөндіру оқпандарын берді. Құтқарушылар келгенге дейін жолаушылар көліктен өздігінен шықты.

ТЖМ күштері жануды толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.