Бүгiн 2026, 21:50 Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Алматыда "Абай мектебінің" жаңа ғимараты ашылды

Шара барысында қонақтарға мектеп тарихы туралы бейнеролик көрсетіліп, Абай шығармаларына арналған әдеби-музыкалық қойылымдар ұсынылды.

Алматы қаласында дарынды балаларға арналған «Абай мектебі» мектеп-интернатының жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

 Іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, зиялы қауым өкілдері мен педагогтер қатысты.

«Дарын» шағынауданында орналасқан жаңа оқу кешені 900 орынға арналған. Мектепте заманауи оқу кабинеттері, зертханалар, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, Абай музейі мен шығармашылық шеберханалар қарастырылған.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген министр Жұлдыз Сүлейменова бұл оқиғаны Абай мектебінің жаңа даму кезеңі деп атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидаты аясында мектепке қатысты тарихи әділеттілік қалпына келтірілген.

Қазір білім ордасында 351 оқушы оқиды. Оларға 72 педагог білім береді. Жалпы мектепте 146 қызметкер еңбек етеді.

Шара барысында қонақтарға мектеп тарихы туралы бейнеролик көрсетіліп, Абай шығармаларына арналған әдеби-музыкалық қойылымдар ұсынылды.