Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады

Алматыда Абай даңғылының ұзартылуына байланысты көшенің бір бөлігі біраз уақытқа жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек күні 23:00-ден 29 қыркүйек 23:00-ге дейін Алатау даңғылынан Строительная көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Айналма жол оңтүстік бағытта - Строительная, Құндызды, Сабденов көшелерімен, солтүстікте - Строительная, Қ.Медеубеков, Бекешев көшелерімен қамтамасыз етіледі. Учаскеде ескерту белгілері қойылады. Айта кеткен жөн, ұзарту жұмыстары жүріп Абай даңғылының бөлігін жылдың соңына дейін ашу жоспарланған, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі күні 600 метр учаскеде жұмыс жүргізіліп жатыр, ұзартудың жалпы ұзындығы - 5,3 км.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы