Алматыда 806 текше метр қар шығарылды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда 7-8 қаңтар аралығында жауған қарды тазалау үшін 527 арнайы техника бірлігінің кезекшілігі ұйымдастырылды, оның ішінде 193 құм лақтырғыш көлік пен 318 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.


Жалпы қалаға қалыңдығы 5-7 см қар түсті, тау бөктері мен таулы аймақтарға 3 см қар түскен. 
Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауа бастағанда жолдарға, бұрылыстар мен жолайрықтардың алдына арнайы материалдар төгілуде. Түн мезгілінде 3786 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды. Қаладан 806 текше метр қар сыртқа шығарылды, - делінген хабарламада. 

Тротуарларды, жаяу жүргінші аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік тұрақтарының "қалталарын" қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Таңнан бері жол тазалайтын жұмысшылар саны 1364 адамға ұлғайды. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы