Алматыда 8-сынып оқушысы бесінші қабаттан секіріп кеткен
Алматыда терезеден секіріп кеткен оқушы хат қалдырып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
CMN.KZ мәліметінше, көп жарақат алған 8-сынып оқушысының денесі Навои және Торайғыров қиылысындағы үйдің ауласынан табылды.
Қайғылы оқиға 18 мамырда таңертең болған. 15 жастағы жасөспірім бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен секіріп кеткен. Бұған қоса хат қалдырып кеткен.
Полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.
Кәмелет жасқа толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев: Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы