Алматыда 77 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды
Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Алматыда қызылшамен ауырғандардың 76%-ы - балалар.
Ағымдағы жылдың 10-шы қарашасынан мен 26-шы желтоқсан аралығында қалада қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде барлығы 77 114 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 6848 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 26 266, медицина қызметкерлері – 8676 және басқа жастағы бұрын қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмаған (вакцинация курсы толық емес) толықтыра иммундау бойынша 35 324 бала,- дейді Қасымхан Алпысбайұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Өзгелердің жаңалығы