Алматыда 73 мың жұмыс орны пайда болды - Досаев

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек нарығындағы жағдай жақсарып келеді. Осы жылдың басынан бері 73 мың жұмыс орны пайда болғандықтан ІІІ-ші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке дейін төмендеді. Бұл ретте, оның 77,4%-ті тұрақты жұмыс орындары. Еске сала кетейік, 2022 жылы 57,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 70% тұрақты жұмыс орындары, – дейді қала әкімі Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы