Алматыда 70-тен астам мектеп салынады
2025 жылдың соңына дейін қалада 71 мектеп салу жоспарланып отыр, оның ішінде 23 мектеп пен жапсаржай бюджет есебінен, қалғандары жеке қаражат есебінен бой көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ал 16 мектеп пен жапсаржай құрылыс салушылармен жасасқан меморандум аясында болмақ.
Бұл «Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында» жазылған. Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 2025 жылдың соңына дейін қосымша білім беруді дамыту бойынша 4 заманауи орталық құрылады. Әлеуметтік нысандар салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатына болады.
2024 жылдан бастап «Солтүстік» және «Шығыс қақпасы» полиорталықтарындағы алғашқы тұрғын үй кешендерінің тапсырылған кезде ғимаратты аралас пайдалану тәсілі сыналады.
Осылайша, полиорталықтарда қажетті инфрақұрылымы және барлық қажетті функция мен қызмет жиынтығы бар қауіпсіз тату көршілік орта құрылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада кореялық опера әншісі Суми Чо өнер көрсетті
Өзгелердің жаңалығы